«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы №122 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Техникалық және кәсіптік, орта арнайы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын еңбек нарығының сұранысына сәйкес орналастыру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білімге арналған ережелерді бекіту» Балалардың мектепке дейінгі тәрбиесі мен оқытуына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізімін қалыптастыру бойынша конкурс рәсімін өткізу туралы хабарландыру
24. 10. 2025 жыл
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімі» ММ (Қамысты ауылы, Ержанова көшесі, 70) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізімін қалыптастыру бойынша конкурс рәсімін өткізетіндігін хабарлайды.
Құжаттар әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері (қажетті түрде рәсімделген сенімхат болған жағдайда) конкурс ұйымдастырушысының канцеляриясына пошта арқылы жіберілуі тиіс. Мекенжайы: «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімі» ММ, Қамысты ауылы, Ержанова көшесі, 70. Құжаттар 2025 жылғы 27 қазаннан 29 қазанға дейін, әр жұмыс күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады.
Құжаттар тізімі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ережелерін бекіту, техникалық және кәсіптік, орта арнаулы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандарын даярлау, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білімге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ережелеріне» сәйкес белгіленген (2022 жылғы 22 тамыздағы №381 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).
1) Аталған Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес дайындалған өтініш
2) Мектепке дейінгі ұйым басшысының қолы мен мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймесін және дауыстық хабарландыру құрылғыларын орналастыру схемасы.
3) Балаларды медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен (үш топқа дейінгі сыйымдылықта) санитарлық ережелерге сәйкес жасалған келісімшарт;
4) Педагогикалық немесе мамандандырылған білімге ие педагогтердің бекітілген үлгідегі штаттық кестесінің және білім туралы құжаттарының көшірмелері;
Аталған Ережелердің 14-бабында көрсетілген құжаттар ұсынылудан кейін, Комиссия құжаттарды мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерге (www.egov.kz, www.elicense.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы) жолдап, келесі құжаттардың бар-жоғын және күшін тексеред:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті бастау немесе тоқтату туралы» хабарламалар Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңына сәйкес (бұдан әрі – «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы Заң»);
2) Медициналық қызмет көрсету (медициналық қамтамасыз ету) жөніндегі келісімшарт болмаған жағдайда медициналық қызмет бойынша лицензиялар;
3) Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктер, жылжымайтын мүлікке (жалға алынған) меншік құқығын орнату туралы анықтама және оның техникалық сипаттамалары туралы құжаттар;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы №29/Пе «Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін бекіту» туралы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілерінде жоғары эпидемиологиялық маңызы бар нысандарға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру (санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқат саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес); актілерді тіркеу №28566; санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды (бұдан әрі – санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды);
5) Құжаттарды конкурсқа тапсыруға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есепке сәйкес қарыздың болмауы (бар болуы) туралы мәліметтер.
Аталған Ережелердің 14-бабында көрсетілген құжаттарды қабылдау білім басқару органдарының құжаттық қамтамасыз ету міндеттері мен функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше арқылы конкурс рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Конкурсқа ұсынылатын құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның негізін қалаушының қолымен қол қойылады, мөрленеді және конкурс өткізетіндігі туралы хабарламада көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
