Нашар көретіндерге арналған

logo
print

"Біз сенің балаларың, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!"

...

"Біз сенің балаларың, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!"

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 17.02.2020 ж. Краснооктябрь ОМ " Біз сенің балаларың, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!" IV аудандық Жас Ұлан көшбасшылар форум еріктілер жылына арналған. Форум жұмысына білім бөлімінің әдіскері Артымбаева Күлзада Карайқызы, Оқушылар шығармашылық үйінің директоры Дусаева Шолпан Кайпуллқызы, мектептің аға тәлімгерлері мен белсенділері қатысты. Алтынсарин ОМ, Бестөбе ОМ, Жайылма НМ, Қамысты № 1 ОМ және Қамысты № 2 ОМ, Қарабатыр ОМ, Краснооктябрь ОМ, Ливанов НМ жасұландықтар 2019 жылғы өз балалар ұйымының жұмысына шығармашылық талдау жасады. Мектептің өзін-өзі басқару жұмысының жандануы байқалады, бұл туралы мектептің фотоесептері мен жетістіктерінің көрмесі куә болды. Волонтерлік қызметке көп көңіл бөлінеді, балалар қарт жалғыз басты адамдарға қар тазалауға көмек көрсетеді, "құс үйі", "Қамқорлық", "Жақсылықты сыйла" және т.б акцияларын өткізеді. Диалогтық алаң жұмыс барысында жасұландықтар 2020 жылға арналған жоспарларымен бөлісті, қызықты іс-шаралар өткізу бойынша идеяларды ұсынды. Форум аясында мектеп директорлары, педагогтар, оқушылар "Жас ұлан" республикалық штабының, облыстық ұйым және аудандық білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталды. Форум қатысушыларына сертификаттар берілді. Табысты 2019 жыл артта қалды. Алда жаңа міндеттер, біздің балалар барлық 100% іске асыратын қызықты идеялар бар!

 


Келушілер саны: 2490

Жоғары