Нашар көретіндерге арналған

logo
print

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданының білім бөлімі» ММ 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданының білім бөлімі» ММ 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

     

1. Жалпы ережелер

      1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданының білім бөлімі" ММ

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік қызметтер саны-1372;

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны150 қызмет, бұл 0,01% құрайды;

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-1372 қызмет тегін негізде көрсетілді;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-1279 қызмет электрондық нысанда (93%), 91 қызмет қағаз нысанда (7%)көрсетілді;

мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны -0;

3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

  1. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" -470 қызметтер

2.       Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою - 181 қызмет

  1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау-161 қызмет

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

     1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер: "Мемлекеттік қызметтер" қойындысы, әлеуметтік желілер, стендтер бар білім беру ұйымдарының сайттары мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері болып табылады.

     2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Қамысты ауданының білім бөлімі мен ведомстволық бағынысты ұйымдары нормативтік-құқықтық актілерді әзірлемеген.

      3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

2023 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар БАҚ және әлеуметтік желілерде 851 (2022 ж. 268 адам) адамды қамтитын 51 (2022 ж. 15) түсіндіру іс-шарасы болды . Бұл іс-шараларға ата-аналар жиналыстарында, педагогикалық кеңестерде, әлеуметтік желілерде, интернет-беттерде жарияланымдар да кірді. Ай сайын халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

     1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандағы барлық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары Индиго және Сакура ақпараттық жүйелерінде жұмыс істейді."Индиго" АЖ - да мектепке дейінгі білім беру бойынша 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет (мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу және құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою) іске асырылады. "Сакура" АЖ -7. (Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау, денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау, мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс беруге құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру, Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау, негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру,Жалпы білім беру ұйымдарына және балаларға үйіне тегін тасымалдауды ұсыну, шалғайдағы ауылдық пункттерде тұратындарға, жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну).

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Қызметкерлерді оқыту жүргізілді, қараша айында мектептердің 12 қызметкері "Мемлекеттік қызмет көрсетудің заманауи дағдылары. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кәсіби дағдыларды (құзыреттерді) қалыптастыру" тақырып бойынша семинарда оқығаны туралы сертификаттар алды. 

     3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру-"негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру"мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Мемлекеттік қызметтер саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді. Ұсыныс білім басқармасына жолданды

     4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

     1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша) - 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар болған жоқ.

     2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Барлық мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

      3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері-2023 жылы бақылау іс-шараларымен Қамысты ауданының 11 білім беру ұйымы қамтылды (жоспарға сәйкес-11, бірақ бір ұйым жабылды). Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу -1 ("ХҚКО арқылы телнұсқа беру" Қарабатыр ЖББМ КММ. Директор тәртіптік жаза алды.

      4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері-жүргізілмеген.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

1. Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2.2024 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оқыту жүргізу

4. мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

5. электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін 98,5%-ке дейін арттыруды қамтамасыз ету;

6. Мемлекеттік қызметтерді алудың баламалы тәсілдері туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмысты жандандыру (газетте жариялау, теледидарда, радиода сөз сөйлеу және т. б.) (айына 2 жарияланым, тоқсанда 1 сөз сөйлеу);


Келушілер саны: 588

Жоғары