Нашар көретіндерге арналған

logo
print

назарыңызға мемлекеттік органдардың ресми топтарын, әлеуметтік желілеріндегі парақшалары мен аккаунттарын (Facebook, Instagram, «ВКонтакте», «Одноклассники», Twitter) жүргізу және ресімдеу бойынша келесіні ұсынамыз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев          2019 жылғы 15 шілдеде ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында: «Халықпен және бизнеспен коммуникацияның тиімді жүйесін жолға қою жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу керек. Ең алдымен, әрбір орталық және жергілікті атқарушы органда халықпен тікелей және кері байланыс орнату үшін тұрақты жұмыс істейтін алаңдар жұмыс істеуі тиіс. Әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге ерекше назар аудару керек. Әрбір мемлекеттік қызметші әлеуметтік желілерде жетекшілік ететін мәселелері бойынша белсенді болуы тиіс. Интернет ғасырында бұл міндет. Олар желілік пікірталастарда сөз сөйлей алады, онлайн режимінде халық пен қоғамның сұрақтарына жауап бере алады» атап өтті.

Жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қостанай облысының аумақтық департаменттері әлеуметтік желілерде, БАҚ-та Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларын түсіндіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Алайда, соңғы уақытта азаматтар, Интернет желісін белсенді пайдаланушылар, облыс блогерлері тарапынан мемлекеттік органдардың ресми топтарда, парақшаларда және әлеуметтік желілер аккаунттарында ақпаратты тек бір тілде орналастыруына байланысты шағымдану жағдайлары жиелеп кетті.

Осыған байланысты, Сіздің назарыңызға мемлекеттік органдардың ресми топтарын, әлеуметтік желілеріндегі парақшалары мен аккаунттарын (Facebook, Instagram, «ВКонтакте», «Одноклассники», Twitter) жүргізу және ресімдеу бойынша келесіні ұсынамыз:

- мекеме туралы ақпарат, яғни мекеменің атауы, мекенжайы, байланыс деректері, жұмыс кестесі әлеуметтік желілерде мемлекеттік және орыс тілдерінде болу керек.

- посттарды, стористерді, онлайн-трансляцияларды екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде жариялау қажет.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Сіздерден кемшіліктерді жойып, осы хатты барлық ведомстволық бағынысты құрылымдар мен ұйымдарға жеткізулеріңізді сұраймыз.

 


Келушілер саны: 1324

Жоғары