Нашар көретіндерге арналған

logo
print

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған «Есте сақтау үшін...» дистанциялық олимпиадасын өткізу туралы

«Қамысты аудыны әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ 2020 жылдың 9-12 сәуірде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» КММ 5-11 сынып оқушылары үшін Жеңістің 75 жылдығына арналған «Есте сақтау үшін...» дистанциялық олимпиадасын өткізетінін хабарлайды.

Олимпиаданы өткізу шарттары

Пәндер бойынша қашықтық олимпиада ұйымдастырушылармен көрсетілген 2 күн ішінде өткізіледі. 

Олимпиаданы бастар алдында қатысушыға қатысу үшін нұсқау және кодтық сөз  жіберіледі. Әр олимпиадада кодталған сөз өзгертіледі. Әр қатысушысы паралелль үшін  нұсқау және кодтық сөз өзгертіліп отырады.

Тестілеуді бастау үшін оқушы  олимпиада үйлестірушісінен алған кодталған сөзді енгізу керек.

Кодалған сөзді енгізгеннен соң оқушы өзі туралы мәліметті толтыру керек: Аты-жөні, аудан/қала, мектеп, сынып, оқу тілі.

Содан соң ӘРІ ҚАРАЙ  нүктесін басып  сұрақтарға жауап бересіз,  сұраққа жауап берген соң келесі сұрақтарға жауап беру үшін ӘРІ ҚАРАЙ нүктесін басасыз.

Егер сіз жоғарыда өткен сұрақ жауабының дұрыстығына  күмәндансаңыз, өткен сұраққа қайта оралу үшін  КЕЙІН нүктесіне басуға болады. Барлық сұрақтарға жауап берген соң «АЯҚТАУ» нүктесіне басасыз.

Олимпиада басталған сәттен бастап,  олимпиада тапсырмаларын орындау үшін белгіленген уақытты кері санау таймері іске қосылады.

Берілген уақыт біткеннен соң  белгісіне басып ӨЗ АТЫҢДЫ ЕҢГІЗ жолына өз атыңды, тегіңді  енгізу қажет. Олимпиада нәтижесі барлық сұрақтарға жауап бергеннен соң бірден  белгілі болады.

 Олимпиада Ережесіне келісті – апелляция қарастырылмаған

Назар аударыңыз:

  • Кодтық сөзді дұрыс енгізу қажет!
  • Қатысушының тіркелу жолдарын дұрыс толтыру қажет!!!
  • Ашылған беттер кездейсоқ жабылып қалса немесе компьютер сөніп қалса\ қайта қосылған жағдайда олимпиада бетін қайта ашып, тағы да сол логин және пороль бойынша кіріп олимпиаданы жалғастыру керек.
  • Барлық сұрақтарға жауап беру қажет және сосын ғана барып «Аяқтау» нүктесін басу керек.
  • Олимпиаданы өткізуге берілген уақыт аяқталысымен, осы уақыт ішінде қатысушыдан алынған барлық жауаптар автоматты түрде серверге жіберіледі.

Олимпиада нәтижелері олимпиада аяқталысымен АЯҚТАУ нүктесін басысымен-ақ бірден белгілі болады.

Тестілеу парағын сипаттау:

Парақтың жоғарғы панелінде олимпиада аты, оң жақ жоғарғы бұрышта – олимпиада уақыты көрсетілген.

Төменгі жақта ӘРІ ҚАРАЙ және АЯҚТАУ нүктелері орналасқан.

Бір сұрақтан басқа сұраққа көшуде  парақтың ортасында жауап нұсқаларымен сұрақ көрсетіледі.

 

 

 

 


Келушілер саны: 1223

Жоғары