12.02.2020 жылы сағат 10.00-де №2 Қамысты орта мектебінде «Жасөспірімдер - жастар ортасында психоактивті заттарды қолданудың алдын алу» атты каскадтық семинар –практикум өтті.
Семинар жұмысына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар және әр білім беру ұйымының орта буынының 1 сынып жетекшісі, барлығы 42 педагог қатысты.
Семинар-практикумды облыстың жаттықтырушылары, тәрбие ісі жөніндегі әдіскер Артымбаева Күлзада Қарайқызы және Краснооктябрь орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шмидт Олег Александрович өткізді. Қамысты аудандық орталық ауруханасының психологы Риянова Людмила Андреевна қатысты