Нашар көретіндерге арналған

logo
print

Әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша "111-AMANAT" бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы/сенім телефоны ашылды

...

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылғы 16 қазанда отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша "111-AMANAT" бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы/сенім телефоны ашылды. Байланыс орталығы Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, қорқытудың құрбаны болған, әлеуметтік көмек пен мемлекеттің қолдауына мұқтаж азаматтардан өтініштерді, сондай-ақ баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы хабарламаларды қабылдайды. Байланыс орталығы әрбір өтініш бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен қызметтерді тарта отырып, кешенді көмек көрсетеді.

 


Келушілер саны: 709

Жоғары