Нашар көретіндерге арналған

logo
print

Мектеп формасын, киім-кешек сату бойынша жәрмеңкелер

...

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу жылының басталуы қарсаңында 1 тамыздан 30 тамызға дейін барлық өңірлерде отандық тауар өндірушілердің қатысуымен мектеп формасын, киім-кешек сату бойынша жәрмеңкелер өтетінін хабарлайды: Қостанай қаласында Алтынсарин - Победа көшесі мекенжайы бойынша (Жасыл базардың «Төмеңгі көтерме бағалар» ауданында, жәрмеңке ауданы 480 ш.м. құрайды. 80-ге жуық жергілікті саудагер қатысады, оның ішінде жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері сатылатын болады), Лисаков қаласында - Қ. Сатпаев көшесіндегі «Довлан» базары, Рудный қаласында – П. Корчагин көшесі, 88 (ГУМ ғимаратының қасында), Арқалық қаласында – М. Демченко көшесіндегі «Гаухар» орталық базары (жабық павильон), сондай-ақ аудан орталықтарында.

Бұдан басқа, 2 кәсіпорын («Большевичка» өндірістік кооперативі, «Азурит-өндірістік-тауарлық фирма» ЖШС) жеке тапсырыстар бойынша тігуді жүзеге асырады және дайын өнімді Большевичка - «B:117» (Әл-Фараби даңғылы, 117), Астықжан» супермаркетінің сауда бөлімінде («Kostanay Plaza» СОО, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы. 193) Азурит – «PROFFИНСТРУМЕНТ» СҮ (Карбышев көшесі, 35 үй) фирмалық дүкендерінде сатады.


Келушілер саны: 702

Жоғары