Нашар көретіндерге арналған

logo
print

Тәрбиешінің уақытша бос лауазымына конкурс

...
  1. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының" Қамысты ауданы білім бөлімінің"Айналайын" бөбекжайы " КМҚК Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты селосы Ленин 59 көшесі. Тел. . 8(71437)21-2-36, kam_ainaline@mail.ru  

2. Тәрбиешінің уақытша бос лауазымына конкурс жарияланады.

Міндеттері: балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына, жас тобының үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны құрады, балалар іс-әрекетіне (ойын, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек) басшылық етеді.

     Балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады.

Дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру жұмысын жоспарлайды.

Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар әрбір балаға жеке көзқарасты қамтамасыз етеді.

Отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеу, жалпылау, тарату және енгізумен айналысады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмек көрсетеді. Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғайды.

Лауазымдық жалақының мөлшері: өтіліне және қолда бар санатына байланысты 141377 теңгеден басталады.

 

3. Біліктілік талаптары:

* Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қоймай, тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім;

* Және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі-5 жыл;

* Және (немесе) біліктіліктің жоғары және орта деңгейі болған жағдайда педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

 

4. Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 14 қазаннан 2022 жылғы 24 қазанға дейін жүзеге асырылады

 

5. Электрондық немесе қағаз түрінде жіберілетін құжаттардың тізбесі:

      Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

      Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған Парақ;

      Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;

      Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

Наркологиялық ұйымнан анықтама;

Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына үміткердің толтырылған бағалау парағы.

  1. Бала күтімі бойынша демалыс кезеңінде.

Келушілер саны: 890

Жоғары