Нашар көретіндерге арналған

logo
print

2022 жылында «Үздік педагог» атағын беру туралы

...

2022 жылында «Үздік педагог» атағын беру туралы

      Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданының білім бөлімі» ММ қыркүйек айында «Үздік педагог» атағын беру конкурсының I кезеңін (аудандық) өткізеді.

       ҚР БҒМ 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына сәйкес (2022 жылғы 09 тамыздағы №355 бұйрыққа өзгерістер енгізілді) конкурсқа қатысушылар Министрліктің ақпараттық жүйесіне осы қағидаларға                1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінімді мынадай құжаттарды (материалдарды) қоса бере отырып электрондық форматта жүктейді.

1) портфолио оқыту тіліндегі (осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес педагог портфолиосының құрылымы);

2) сабақ (сабақ) жоспарын ұсына отырып, ұзақтығы 7 (жеті) минут бір бейнесабақ (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), ұзақтығы 15 (он бес) минут бейнесабақ (бейнесабақ) (орта, арнайы, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), сондай-ақ озық педагогикалық тәжірибені трансляциялау осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес ұзақтығы 5 (бес) минутқа дейінгі бейнеролик;

3) Министрлік айқындайтын тақырыпта 500 (бес жүз) сөзден аспайтын эссе жазуға тиіс.

 

Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі;

І кезең-аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгей; ҚЫРКҮЙЕК

ІІ кезең-облыстық (республикалық бар қалалар мен астана) деңгей; ҚАЗАН

ІІІ кезең-республикалық деңгей. ҚАРАША

Қағидалармен сілтеме арқылы танысуға болады /uploads/source/123/file..docx


Келушілер саны: 1041

Жоғары