Құрметті әріптестер!
Педагогикалық шеберлік орталығы Facebook желісінде «Мектеп тренері» тобын құрды.
Біздің онлайн алаң мектеп тренерінің тәжірибесін жетілдіруге, мектепішілік жаңа білім беру жобаларын құруға және зерттеу жүргізуге тың идея іздейтін педагогтерге арналады
Сіз алаңда келесі сұрақтарды талқылай аласыз:
- Мектеп тренерінің жұмысы өнімді болу үшін не қажет?
- Әріптестерді кәсіби дамуға қалай ынталандыруға болады?
- Оқудың табысты болуына қандай бағалау әдістері әсер етеді?
- Мұғалімнің зерттеу дағдыларын ынтымақтастықта дамыту неліктен маңызды?
Біз онлайн алаңда қызықты посттар, шеберлік сыныптар жариялаймыз, ашық тренингттер мен марафондарға қатысамыз. Әрбір қатысушының тәжірибе алмасуға, кері байланыс беруге, сұрақ қоюға және пікір қалдыруға мүмкіндігі бар.
Белсенді болыңыз, біз жетістікке тек бірге жетеміз!
Сізден Facebook әлеуметтік желісіне тіркеліп, «Мектеп тренері» тобына мүше болуыңызды сұраймыз https://www.facebook.com/groups/969120163915342/.