Нашар көретіндерге арналған

logo
print

Қостанай облысы жалпы білім беретін пән мектеп мұғалімдері арасында жаратылыстану-математика бағытындағы облыстық олимпиада

         «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы қазіргі заманғы мұғалім бейнесін жоғары білімді адам, ұтқыр, бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптастыру мақсатында «Қостанай дарыны өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылдың 24 сәуірінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша (математика, физика, химия, биология, география) Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері арасында қашықтық форматта облыстық олимпиада өтті.

         Облыстық олимпиадаға Қамысты ауданының 5 педагогы қатысты.    

        Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері арасында өткізілген облыстық олимпиаданың қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін II дәрежелі дипломмен марапатталды: Тасбулатов Азамат Сарсембайұлы, «Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Ливанов орта мектебі» ММ физика пәнінің мұғалімі және Лефранк Нина Александровна, «Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Краснооктябрь орта мектебі» ММ химия пәнінің мұғалімі.


Келушілер саны: 1623

Жоғары