Нашар көретіндерге арналған

logo
print

Әдеби кейіпкер бейнесіндегі кітапханашы»

...

Әдеби кейіпкер бейнесіндегі кітапханашы»

 

2022 жылдың 17 қарашасында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданының білім бөлімінің №2 Қамысты білім беру мектебі» КММ базасында кітап пен оқуды қолдауға ықпал ететін үздік инновациялық библиографиялық әзірлемелер мен технологияларды анықтау және тарату мақсатында «Әдеби кейіпкер бейнесіндегі кітапханашы» байқауы өтті.

           Байқауға аудан мектебінің 4 кітапханашысы қатысты, оларға білім, кәсіби дағдылар, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берілді.

Байқау жеңімпаздары:

1 орын – Сералинова Марина Валентиновна, Клочков ЖББ кітапханашысы

2 орын – Спижарская Галина Ивановна, Адай ЖББ кітапханашысы,

3 орын – Кипшакбаева Айгерим Қайратқызы, Бестөбе ЖББ кітапханашысы.

Жалаушыбаева А.Ф. – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданының білім бөлімі» ММ әдіскері конкурс жүлдегерлеріне грамоталар табыс етті. Аталған іс-шараға «Қамысты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ кітапханашысы А.В. Женихова талдау жасап, одан әрі шығармашылық табыс тіледі.


Келушілер саны: 497

Жоғары