Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданының білім бөлімі» ММ хабарлайды, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 грант мөлшерін және оны беру тәртібін белгілей отырып, «Орта білім берудің үздік ұйымы» грантын беру конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес (өзгерістермен 22.01.2016 ж. №67 бұйрығы), «Орта білім берудің үздік ұйымы» грантын беруге 2024 жылғы 19 сәуірде сағат 15.00-де конкурстың I кезеңі өткізіледі. «Гранттар конкурсы» деген белгісі бар конвертте грант беру конкурсын өткізу қағидаларының 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге (рейтингтік көрсеткіштерге) сәйкес келетін конкурстық комиссияның қатысуы туралы өтінімдер мен материалдарды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданының білім бөлімі» ММ-не (Қамысты ауылы Ержанов көшесі 70, қабылдау бөлмесі) 2023 жылдың 15 сәуірден бастап 19 сәуіріге дейін жіберу қажет.